Айтыстың алдаспаны атанған, қырық жылға жуық уақыт бойы сөз сайысының сардары атанған Бекарыс Шойбековтің ұлттық руханияттағы орны айрықша. Биыл суырыпсалма өнердің арда тұлғасының 50 жылдық мерейтойы елдің ақжарма тілегімен айшықталып жатыр.Түркістан төрінде жарты ғасырлық белес аясындағы тағылымды іс-шаралар легі «Қазіргі айтыс өнері және ақын тұлғасы» атты халықаралық ғылыми конференциямен жалғасты. Ақынның тұлғалық жолы қалыптасқан білім ордасында зиялы қауым өкілдері бас қосты.
️