Киелі Түркістан төрінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында ел қорғандары айбыны мен айбарын танытты. Ұлттық ұлан сарбаздары ұсынған плац-концерт жай ғана әскери көрсетілім емес, тәртіп пен табандылықты айшықтаған мерекеге айналды, Отанға адалдықты ту еткен жауынгерлік рухтың көрінісі. Саптағы әр қадам сенім, әр қозғалыс жауапкершілік, әр элемент ел қауіпсіздігінің кепілі. 5574 әскери бөлімінде өткен салтанатты шараға әріптесім Көркем Әбдіғали барып қайтқан еді. Келесі бейнематериалға назар салайық.
️