Сарыағаш ауданындағы «Келешек мектебінде» жасанды интеллект кабинеті ашылды. Заманауи сынып оқушыларға жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – өңір мектептері арасындағы алғашқы бастамалардың бірі. Мұнда оқушылар тек теориямен шектелмей, тәжірибе арқылы білімін жетілдіреді. Нәтижесінде цифрлық сауаттылықты ерте жастан қалыптастыруға жол ашылады
️