Қазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар күшейеді

11
06.05.2026 20:51

Соңғы жылдары автомектептердің қызметіне қатысты шағымдар көбейген. Тәжірибесі аз, ережеге шорқақ, дүмбілез жүргізушілер жол апаттарының жиілеуіне себепші болып отыр. Осыған байланысты, автомектептер үшін арнайы рұқсат беру тәртібі енгізілмек. Мәжіліс жүргізушілерді даярлау саласына бақылауды күшейтетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Саладағы қордаланған түйткілдер мен жаңа талаптардың мән-жайын әріптесім тарқатады.