Қазіргі таңда әскерилер қатарында технологиялық даму мен инновациялық жаңашылдықтар жиі көрініс табатын болды. Айталық, ефрейтор Комрон Тулабоев — әскери қызметтердің тиімділігін арттыратын IT жобаларды әзірлеп жүр. Дәлірек айтсақ, ақпараттық қауіпсіздікті мониторингтеу жүйесін, әскери қызметшілердің өзара байланысына арналған онлайн-платформаны және деректерді цифрландыру құралдарын іске қосты. Бұл шешімдер жұмыс үдерістерін жеңілдетіп, шешім қабылдау жылдамдығын арттырып, ақпаратты басқару сапасын едәуір жақсартыпты.
️