Жазғы аптап басталысымен су жағасына ағылатын жұрттың қарасы көбейеді. Осыған байланысты, Түркістан облысында биыл шомылу маусымына дайындық жұмыстары ерте қолға алынды. Мамандар қауіпсіздікті күшейтіп, рұқсат етілген жағажайлар санын арттыруға кірісті. Cуға түсуге болатын 53 қауіпті аймақ анықталды. Бұл орындарға 100-ден астам бейнебақылау камерасын орнату көзделіп отыр. Сондай-ақ, өңірдегі елді мекендер маңындағы қауіпті аумақтарға 135 шақырымдай қоршау орнатылып, 1800-ге жуық тыйым салу белгісі қойылмақ. Бұдан бөлек, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын тегін жүзуге үйрету мақсатында меморандумдар әзірленуде. Жоба аясында балалар аптасына екі рет бассейндерге тегін қатыса алады.
️