Мемлекет басшысы Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанда толық өндірістік цикл жолға қойылған мақта-мата кластерін жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Алдағы уақытта осы салаға қатысты тың жобалар одан әрі дамып, қолға алынбақ. Сол арқылы мақта егістігін 52 мың гектарға дейін ұлғайтуға болады,-дейді компания басшысы. Сондай-ақ, мақта-мата кластерінің алғашқы кезеңінде 360 миллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылып, 4 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ. Егін шаруашылығына цифрлық технологиялар мен тамшылатып суару секілді инновация пайдаланылады. Ал, білікті маман даярлау ісіне жергілікті тұрғындарды көптеп тарту қажет. Осылай деген ел Президенті су үнемдеу технологияларын да кеңінен пайдалану маңызды екенін айтты. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев салаға «ақылды» цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізуді құптады. Жауаптылар аталған жобаға қатысты атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
️