Төлеби ауданында толассыз жауған нөсердің салдарынан өзен суы арнасынан асып, біраз көпірді су шайып кетті. Соның салдарынан Ақмешіт ауылындағы туристік және демалыс аймақтарын байланыстырып тұрған екі бірдей көпір құлап, қатынас қиындады. Сондай-ақ Екпінді елді мекеніндегі өткелге де зақым келген. Төтенше жағдай қызметкерлері жедел әрекет етіп, оқиға орнынан 81 адамды қауіпсіз аймаққа эвакуациялады. Апат болған аумаққа арнайы барған аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жағдайды өз көзімен көріп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қазіргі таңда аудандағы ахуал тұрақталып, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
️