Павлодар облысында заңсыз көші-қонның ұйымдасқан арнасы әшкереленді. Белгілі болғандай, Өзбекстан азаматы өз отандастарын жүк көлігімен Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз жеткізбек болған. Мұны құқық қорғау органдарының қызқметкерлері жедел операция барысында анықтаған. Күдікті жолаушыларды жүк көлігінде жасырылған құпия орынға отырғызған екен. Қазір көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Ал, аталған заңбұзушылыққа қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр.
️