Жылу жүйесін жаңартуға 1,8 млрд теңге бөлінді

17
04.05.2026 16:47

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының жылу жүйелерін жаңалау үшін  үкімет резервінен шамамен 1,8 миллиард теңге бөлінді.  Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бөлінген қаражат алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, тозығы жеткен 12 жылу желісі жаңартылып, Риддер жылу электр орталығындағы қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстар тек жоспарлы шара емес. Өткен қыс маусымында жүйедегі ақаулар мен тозу белгілері анықталып, бірқатар учаскелердің шұғыл жөндеуді қажет ететіні дәлелденген.