Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым етілді

13
04.05.2026 16:44

Ақмолалықтар аты аңызға айналған батыр, халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым етті.  Еске салайық, 1945 жылы 30 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев сұрапыл шабуыл кезінде Рейхстаг ғимаратына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен болатын. Батырдың рухына тағзым ету шарасына еңбек және соғыс ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Жиынға келгендердің қатарында  екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері 102 жастағы Нұрқасым Әжітаев та бар. Сонымен қатар, елордадағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішінен Тайтөбе ауылына дейінгі аралықта 30 шақырымдық велошеру де ұйымдастырылды. Вело-шабандоздар бұл бастамаларын даңқты батырдың ерен ерлігіне арнады.