Еліміз жыл сайын 16 текше километр су ресурсынан айырылады. Бұл жай ғана экологиялық болжам емес, бүгінгі күннің ақиқаты. Қазақстан су тапшылығы ең жоғары 30 елдің қатарына енді. Көршілес мемлекеттерге тәуелділік, инфрақұрылымның тозуы және климаттың қаталдығы Түркістан облысы секілді аграрлы аймақтарға үлкен қауіп төндіруде. Бүгін еліміздің 18 жоғары оқу орнында бір мезгілде өткен «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты эко-сағатта осындай түйіткілді жағдайлар сөз болды. Қаламыздағы Қожа Ахмет Яссауи университетінде де өткен шарада күрделі мәселеге қарсы тұру жолдары талқыланды.
️