Ақмола облысында тасқын су қатері ушығып барады. Апаттың қаншалықты жоғары екендігін парламент сенатының депутаты Нұрлан Бекенов мәлімдеді. Сөзінше, қазір Ақмола облысындағы жүздеген елді мекен қауіпті аймақта. Жыл сайын қайталанатын бұл мәселе әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бір ғана Астрахан ауданында соңғы жылдары 190-ға жуық үй су астында қалды,-дейді депутат. Аймақты толыққанды тасқыннан қорғау үшін арнайы жобалар да қаралған. Алайда, ол нақты нәтиже беруі үшін әлі қыруар қаражатты қажет.
️