Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық қалай?

10
30.04.2026 20:03

Түркістанда 7 мемлекеттің басшысы бас қосады. Түркі мемлекеттерінің саммиті қарсаңында облыс орталығында қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қала инфрақұрылымын жаңарту, қонақтарды қарсы алу, қауіпсіздік пен логистиканы ұйымдастыру – басты назарда. Бұл маңызды жиын бүгін Түркістан облыстық мәслихат сессиясында кеңінен талқыланды. Депутаттар саммитті өткізуге бөлінетін қаржы көлемін, оның тиімді игерілуін және ұйымдастыру шараларының барысын саралады.