Мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыс өтті

22
30.04.2026 20:02

Түркістан облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыс өтті. Байқау әкімшілік әділеттің құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Оған әр басқармадан бір қызметкер қатысып, өзара бақ сынады. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат мемлекеттік қызметкерлердің жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ байқауға қатысушылардың дайындық деңгейі жоғары екенін атап өтті.