Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүргізу мәселесі қаралды

21
30.04.2026 19:59

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу сапасы бойынша рейтинг қорытындысы Түркістан облысында  бұл істің  әлі де төмен деңгейде екенін көрсетті. Осыған байланысты өңірде мемлекеттік тілдің сот жүйесінде қолдану аясын кеңейту мәселесі күн тәртібіне шықты. Ауданаралық сотта «Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүргізуді жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында тіл мәртебесі, сот құжаттарының сапасы және азаматтардың ана тілінде жүгіну құқығы кеңінен талқыланды.