Енді оқушыларға мектепте смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

15
29.04.2026 21:13

Енді оқушыларға мектепте смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары «Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері» жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда қарап, ұялы телефонды пайдалану бойынша бірыңғай ережелерді бекітуді ұсынды. Егер құжат қабылданса, мобильді құрылғыларды қолдану тәртібін Оқу-ағарту министрлігі нақты айқындайтын болады. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда әр мектеп бұл мәселені өз бетінше шешіп отыр. Бірінде рұқсат болса, екіншісінде мүлдем тыйым салынған. Бұл жағдай ата-аналар мен мектеп басшылығы арасында түрлі түсініспеушіліктерге себеп болуда. Сондықтан халық қалаулылары барлық оқу орындары үшін ортақ әрі түсінікті ереже енгізуді қолға алды.