Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі

220
26.08.2021 03:37

Елде осы сенбіден бастап карантин режимі жеңілдетіледі. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Ashyk жүйесіне қосылған тамақтану орындары енді түнгі он екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат алды. Одан бөлек, сенбі күндері қоғамдық көліктердің жүруіне рұқсат берілді. Қазір республика бойынша тек Түркістан облысы ғана  «жасыл» аймақта тұр. Өңірде 128 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктернің саны 141-ге жетті. Жалпы 1-ақпаннан облысқа COVID-19 ндетіне қарсы вакцинаның 736 640 дозасы жеткізілген.