Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен жиын барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екеніне тоқталды. Сондай ақ, Чехияның сындарлы әрі прагматикалық сыртқы саясатына жоғары баға берді. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы саяси диалог сан қырлы серіктестікке қолайлы жағдай жасайды. Ал, Чех үкіметінің басшысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі қуат өндірудің әртараптандырылған тәсіліне негізделгеніне мән берді. Сондай-ақ, ол чех компанияларының аталған салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүделлі екенін мәлімдеді.
️