Бүгін ел бойынша 100 мыңнан аса түлек бір мезетте ағаш екті. Ауқымды экологиялық акция еліміздің барлық аумағын қамтыған. Білім ошағымен қоштасар сәтте игі істі қолға алған жастар осылайша қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып, экологиялық мәдениеттің озық үлгісін көрсетуде.Бұл игі бастама Түркістанда да жалғасын тапты. Шаһардағы 33 жалпы білім беретін мектептің түлектері «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында флешмоб ұйымдастырып, мектеп ауласына көшет отырғызды. Оқушылар тек жасыл желек егіп қана қоймай, онлайн марафонға да қатысып, цифрлық кеңістікте құқықтық тәртіпті насихаттады.
️