Бүгін Түркістан қаласында «Жаңа Конституция – ел тірегі» тақырыбында қоғамдық талқылау өтті. Жиында Ата заңның негізгі қағидаттарын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және әділетті қоғам құру мәселелері сөз болды. Басқосуға үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар, зиялы қауым өкілдері, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесуде азаматтық қоғам тарапынан ұсыныстар айтылып, ашық диалог алаңында пікір алмасу ұйымдастырылды. Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта облыстың 17 аудан-қаласында жалғасады.
️