Домбыраны харам деген ер адам сотталуы мүмкін

8
28.04.2026 21:18

Ақтөбеде домбыраны харам деп атаған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ол Қылмыстық кодекстің «діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде тараған видеода ол ұлттық аспаптарды, соның ішінде домбыраны да харам деп мәлімдеген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы домбыраға қатысты нақты ұстаным білдірген. Пәтуада дінді, имандылықты, отансүйгіштікті насихаттайтын ән-күйге рұқсат етілетіні айтылған. Осылайша, мамандар ұлттық аспапқа тыйым салу діни негізге сай келмейтінін алға тартады.