874 азамат еңбек инспекциясына шағымданған

11
28.04.2026 21:17

Жыл басынан бері Түркістан облысының тұрғындары тарапынан еңбек инспекциясына 900-ге жуық шағым түскен. Жауаптылар осы арыздардың негізінде тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, 134 заң бұзушылық анықтапты. Бұл туралы облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы мәлімдеді Департамент басшысының орынбасары Мұрат Төлендиевтің айтуынша, соңғы 3 айда орын алған олқылықтарға 10 млн теңгеден астам айыппұл салынып, бүгінде оның 90 пайызы өндіріліпті. Келіп түскен арыз-шағымдардың 65% мемлекеттік органдарға қатысты болса, қалған 35% жеке сектордан түсіп отыр. Әсіресе, білім беру саласына қатысты кемшілік көп дейді,-жауаптылар.