Талдықорған қаласындағы өндірістік аймақта жарылыс болып, 3 жұмысшы жарақат алды. Олар дереу Талдықорған қаласындағы ауруханасына жеткізілген. Екеуінің жағдайы орташа, ал 44 жастағы азаматтың халі ауыр. Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметі хабарлауынша, түнгі сағат 3 жарым шамасында көлік дөңгелегін өңдеу зауытындағы резервуар жарылған. Осыдан соң цехтың 80 шаршы метр аумағы отқа ораныпты. Цехтағы өрт таңғы 5-ке таман сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға өндірістің техникалық талаптарын орындамау себеп болған.
️