Жұртты қарызға батырған интернет-казиноның жұмысы тоқтатылды

9
27.04.2026 18:24

Шымкентте қарапайым халықты қарызға батырған интернет-казиноның жұмысы тоқтатылды. Ұйымдастырушылар  ұялы телефон қосымшасы арқылы виртуалды покер клубтарын ашып, оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарын тартқан. Адамдарды еліктіру үшін мессенджерлер арқылы түрлі бонустар жіберіліп тұрған. Желіге кіргендер өз шоттарындағы ақшаны виртуалды «фишкаларға» ауыстырып, тәулік бойы құмар ойынға салған. Салдарынан кейбір ойыншылар 30 миллион теңгесінен бір-ақ сәтте айырылып, тақырға отырған. Ал қылмыстық топ әр ойын үстелінен 3-5 пайыз көлемінде комиссия ұстап, еш қиындықсыз пайда көрген. Құзырлы органдар кез келген смартфонда оңай ашылатын мұндай онлайн-казинолардың қоғам үшін өте қауіпті екенін ескертеді.