Пәтер өртеніп кетті

9
27.04.2026 18:22

Алматыда ірі тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты. Жиырма бес мыңға жуық тұрғыны бар «Асыл арман» кешенінің тоғызыншы қабаты қызыл жалынға оранды. Оқиға орнынан 25 адам адам эвакуацияланған. Оның жетеуі бала. Сонымен қатар, тағы  20 адам өз бетінше қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Абырой болғанда өрт сөндірушілер өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол бермеді. Қазір апаттың шығу себебі анықталуда.