Еңбек нарығы мен білім арасында алшақтық бар

5
27.04.2026 18:21

Үкімет сағатында  депутат Асхат Аймағамбетов жоғары білім жүйесіндегі теңгерімсіздікті сынға алды. Оның айтуынша, сұранысы жоқ мамандықтарға, әсіресе ақылы бөлімде, мыңдаған студент қабылданып, жастар болашағы жоқ бағыттарға миллиондаған қаржы жұмсауда. Халық қалаулысы қазіргі білім беру жүйесі еңбек нарығының талаптарына толық сай келмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіби стандарттардың ескіріп, жасанды интеллект дәуірінің талаптарын ескермей отырғанын айтты. Оның сөзінше, жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар да жаңа жүйеге бейімделуі керек, алайда олардың оқу жүктемесінің тым көп болуы бұл үдерісті қиындатып отыр.