Еркін күрестен республикалық турнир басталды

16
24.04.2026 19:30

 Сайрам ауданындағы Қарасу ауылында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр. Алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес елдерден 300-ге жуық спортшы қатысуда. Боз кілемде балуандар 5 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Турнирдің басты мақсаты – жас спортшылардың тәжірибесін арттырып, еркін күресті жұртшылық арасында кеңінен дамыту. Айта кетейік, жарыс еңбек ардагері Қалмұхамед Тұманбаевты еске алуға арналды.