Халықаралық форум өз жұмысын бастады

17
24.04.2026 19:27

Түркістанда «банктер және финтех–2026» халықаралық форумы басталды. Ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік қаржы институттарының өкілдері, сарапшылар, инвесторлар мен it саласының мамандары қатысып жатыр. Олар қаржы секторындағы цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу, төлем жүйелерін дамыту және өңірлік қаржылық интеграция мәселелерін талқылауда. Пленарлық сессия аясында киберқауіпсіздік, халықаралық инвестициялар сынды өзекті бағыттар да сөз болды. Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңірдің қаржы саласындағы даму қарқынына тоқталып, осы форум аясында жаңа іскерлік байланыстар одан әрі артатынына сенім білдірді.