Алаяқтар шымкенттіктерді 600 миллион теңгесінен айырған

13
24.04.2026 19:22

Шымкентте тіркелген алаяқтық деректерінің жартысына жуығы интернет арқылы жасалады. Биылдың өзінде 600-ден астам қылмыстық іс қозғалып, жүздеген тұрғын сан соғып қалған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артқан. Осыған байланысты құқық қорғау органдары алдын алу шараларын күшейтіп отыр.️