Қазақстан мен ДДҰ ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

16
23.04.2026 18:53

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елімізге дәрілік заттардың айналымын реттеу ісі 3-ші деңгейге көтерілгенін ресми растады.  Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі халықаралық талаптарға сай дамып келе жатқанын көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тедрос Адханом Гебрейесус кездесуінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңі айқындалып, цифрлық трансформация, жасанды интеллект енгізу және климат пен денсаулық бағытындағы бірлескен зерттеулерге басымдық берілді. Бұл дәреже ұлттық реттеу және бақылау жүйесінің сенімділігін дәлелдейді. Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып осындай деңгейге жетіп, Еуропа аймағында алдыңғы қатарға шықты. Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгеріс фармацевтика нарығының сапасын арттырып, халыққа қауіпсіз әрі тиімді дәрі-дәрмек қолжетімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.