Шаруалар мемлекеттік қолдау ала алмай келеді

12
23.04.2026 18:48

Шымкент аграршылары мемлекеттік қолдаудың игілігін көре алмай келеді. Сенатор Әлішер Сатвалдиев осылай деп дабыл қақты. Оның айтуынша, «Береке» және «Игілік» бағдарламаларының қолданыстағы шарттарында қалалық шаруашылықтардың ерекшелігі ескерілмеген. Соның салдарынан мегаполистегі шаруалардың едәуір бөлігі мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмай отыр.   Сондай ақ, депутат бағдарламалардың талаптарын республикалық маңызы бар қалалар үшін қайта қарау керектігін айтып, Шымкент агроөнеркәсіптік кешенін қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу қажет екенін жеткізді.