Мәртөк ауданында жаңа өнер мектебі ашылды

20
22.04.2026 20:14

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дарынды жастарға арналған заманауи жаңа өнер мектебі ел иглігіне берілді. 300-ден астам бала білім алатын өнер ордасы шығармашылық бағыттағы кабинеттер, 180 орындық акт залымен жабдықталған. Жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Салтанатты ашылу рәсімінде мектеп басшылығына кілт табысталып, сала өкілдері мен ардагерлері жас өнерпаздарға ақ жол тілеп, мектеп аумағына көшет отырғызды. Айта кетейік, бұған дейін ескі ғимаратта оқып келген Қамбар Медетов атындағы мектеп оқушылары енді заманауи нысанға көшті.