Ойын алаңдарындағы қауіпсіздік мәселесі қаралды

21
22.04.2026 20:12

Елімізде балалар ойын алаңдарының қауіпсіздігіне қатысты мәселе өзекті болып отыр. Ел бойынша 70 мыңға жуық сауда нысаны бар, ал ойын алаңдарына келушілер саны күн сайын артып келеді. Алайда олардың орналасуы, санитарлық жағдайы мен қызмет көрсету сапасы талапқа  сай емес. Үкімет отырысында Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов бұл мәселеге арнайы тоқталып, ойын алаңдарын қауіпсіз аймақтарға көшіру, тазалықты күшейту және қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бала өмірінің  қауіпсіздігі жай талап емес, мемлекеттің тікелей жауапкершілігі болуы керек дейді.