Көпқабатты үйлердің жертөлесі суға толған

17
21.04.2026 21:23

 Түркістан облысының Жетісай қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайы күрделі. Тозығы жеткен баспаналардың жертөлелерін жерасты суы басып, тұрғындарды әбігерге салуда. Шағын шаһарда мұндай 130-дан аса нысан бар. Жергілікті халық өздігінше әрекет етіп, суды сорғызғанымен еш нәтиже жоқ.