Түркістан облысында 200 млн теңге бюджет ақшасы қайтарылды

17
21.04.2026 21:18

Жетісай ауданында құрылысы толық аяқталмаған 28 пәтерді мемлекеттік сатып алу арқылы қабылдап алынғаны белгілі болды. Баспананың барлығын жергілікті билік мақұлдап, меншігіне алған. Мұны аудандық прокуратура мамандары анықтады. Олар тұрғын-үйлерді сатып алу кезіндегі заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген. Талдау нәтижесі бойынша пәтерлердің сыртқы және ішкі құрылысы толық аяқталмаған болып шықты. Бұл баспаналар үшін 200 млн теңге негізсіз жұмсалған. Қаржының барлығы жергілікті қазынаға кері қайтарылды.