Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Оның нәтижесінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты мығымдайтын 13 маңызды құжатқа қол қойылды. Тараптар арадағы достық пен өзара қолдаудың дамып келе жатқанына баса назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келген Моңғолия президентіне, аймақтық экологиялық саммитке қатысуға ниет білдіргені үшін алғыс айтты. Айта кетейік, былтыр екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі 7,7 пайызға ұлғайып, айналым 130 миллион доллардан асқан еді. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 500 миллион долларға жеткізу межеленіп отыр.
️