Мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары күшейтіледі

15
21.04.2026 21:14

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары күшейтіледі. Енді жаңа құрылыс нысандарын жобалау кезеңінен бастап, жұмыспен қамтуға дейінгі аралықта осы талаптар ескерілмек. Мәселен, бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар 750 мыңға жуық адам тұрады. Оның жартысынан көбі еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Осыған байланысты оларды жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу мәселесі қарастырылуда. Биыл бұл бағыттағы қолдау шараларына 1 трлн теңге бөлінген. Қаражат тек жәрдемақымен шектелмей, азаматтарды еңбекке тартуға, оңалту мен кәсіби бейімдеуге бағытталмақ. Мәселен, ел бойынша 33 заманауи оңалту орталығы жұмыс істейді. Соңғы жылдары жаңа орталықтар ашылып, олардың саны артқан. Сонымен қатар, жұмыспен қамту саласында цифрлық жүйе енгізіліп, азаматтарды жұмысқа орналасқанға дейін толық сүйемелдеу қарастырылған.