Қазақстанда 2025 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 10%-ға, ал, 2026 жылдың басынан бері 4%-ға төмендеп отыр. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов үкімет үйінде өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мәлімдеді. Жиында президенттің «заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Елімізде қара жолдан келетін қауіпті азайту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Жиында үкімет басшысы жауаптыларға қандай міндеттер жүктеді? Келесі сюжетте.
️