Көлік жүргізушілер қайырымдылықтан қалыс емес

24
20.04.2026 20:17

Мақтааралдық көлік жүргізушілері қайырымдылықты жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Олардың қатарында ауыр жүк көлігі жүргізушілері мен такси қызметіндегілер де бар. Олар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрақты түрде қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Кей кездері арнайы ас беріп, көпшіліктің батасын алуды да үрдіске айналдырған. Соның бірі – ауданның орталық мешітінде өткен кезекті қайырымдылық асы. Онда аудан ақсақалдары ұйымдастырушыларға ақ батасын беріп, ізгі тілегі мен ризашылығын білдірді.