Халықаралық келісімдер топтамасы ратификацияланды

17
16.04.2026 20:04

Бүгін парламент сенатының отырысында халықаралық шарттар мен келісімдер топтамасы ратификацияланды. Олардың қатарында екі маңызды құжат бар. Бірі Қазақстан мен Тәжікстан республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт болса, екіншісі, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім. Бұл заңдардың мақұлдануы еліміздің халықаралық қатынастарын нығайтып, бірнеше елмен  сауда, білім беру және қауіпсіздік салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.