Парламент мәжілісі еліміздегі мүгедектігі бар балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасы қарауда. Көпұзамай білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдаудың жаңа тетіктері енгізіледі. Жаңа заң жобасы арқылы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын біріктіретін бірыңғай жүйе қалыптаспақ. Сонымен қатар үш саланың деректері біріктіріліп, интеграцияланған цифрлық модуль құрылады. Бұл туралы Мәжілісте өткен тақырыптық отырыста Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.
️