Түркістан облысында етті мал шаруашылығындағы ірі кешенде жайылым аумағын ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр. Мал өсіруден бастап, дайын өнімге дейінгі тізбекті қамтитын қоражай 50 мың ірі қара малға шақталып отыр. Шаруашылықта жаңбырлатып суару әдісі арқылы мал азығы дақылдарын өсіру ісі де қарқын алыпты.
️