Интернет алаяқтық азаймай тұр

14
16.04.2026 19:58

Түркістан облысында интернет-алаяқтық деректері азаймай отыр.  Осыған байланысты құқық қорғау органдары «Антифрод» жедел-профилактикалық іс-шарасын күшейтті. Зерделеу жұмыстары нәтижесінде аталған қылмыс түрі бойынша жыл басынан бері 154 дерек анықталған. Қаскөйлер көп жағдайда онлайн-платформалар мен жалған сілтемелерді пайдаланып, азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізіп отырған. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында жәбірленушілерге 220 миллион теңге көлеміндегі шығын өтеліп, 42 қылмыс әшкере болды. Сондай-ақ, бір ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылып, іс сотқа жолданды.