Түркістан облысында волонтерлік қозғалыс жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде өңірде 150-ге жуық еріктілер ұйымы жұмыс істесе, олардың қатарында 24 мыңнан астам белсенді жас бар. Бұл — төрт жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе көп. Олар тек қайырымдылық шараларымен шектелмей, төтенше жағдайлар кезінде де алдыңғы шептен табылып, нақты көмек көрсетудің үлгісін көрсетіп келеді. Еріктілер ісін жүйелі дамыту — мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен волонтерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Құжат аясында салалық волонтерлікті дамытудың арнайы әдістемелік тетіктері іске қосылмақ.
️