Түркістан өңірі табиғаттың бар бояуын бойына жиған аймақ. Мұнда шөлдің шеті мен көлдің көркі, асқар таулар мен қыратты белдер қатар өріліп жатыр. Көктем келгенде бұл өлке ерекше құлпырып, қызылды-жасылды гүлге оранады. Әсіресе, қызғалдақтармен қызыл кілемдей құлпыратын қыраттар көздің жауын алады. Бар болғаны екі аптадай ғана гүлдейтін нәзік өсімдіктерді қорғау үшін табиғат жанашырлары экологиялық акция ұйымдастырды.
️