Мектеп оқушылары тәжірибе мен білімді ұштастырып жүр

16
15.04.2026 20:10

  Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы білім беру жүйесіне қатысты жаңа міндеттер жүктеп отыр. Оқушылар тек теориялық біліммен шектелмей, алған білімін тәжірибемен ұштастыра отырып, жаратылыстану бағытындағы құбылыстарды тереңірек түсінуге мүмкіндік алуда.Мәселен, Түркістан облысының ауылдық жерлеріндегі білім ұялары да заманауи  оқыту әдістерінен кенде емес. Жоғары сынып оқушылары   «Алақандағы от», «Ауада қалқып тұрған шар» сынды күрделі  зертханалық тапсырмаларды орындап жүр.