Тегін тамақ таратамын деп дүрбелең туғызған кәсіпкер қамалды

16
15.04.2026 20:08

Өскеменде тегін аяқ киім мен палау таратамыз деген «Башпай» дүкенінің иесі бес тәулікке қамалды. 11 сәуір күні жаңа нүктенің ашылуына орай ұйымдастырылған акцияның арты жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Дүкен әкімшілігі алғашқы жүз адамға тегін кроссовка, қалғандарына палау мен тәтті  береміз деп жарнама жасаған. Бірақ бұл туралы  жергілікті әкімдіктен ешқандай рұқсат алмаған. Сыйлықтан дәмелі жұрттың тым көп болғаны сонша, адамдар бір-бірін таптап, соңы айқай-шуға ұласқан.  Тіпті, оқиға орнында тәртіп орнату мүмкін болмаған. Сот дүкен иесінің бұл әрекетін «ұсақ бұзақылық» деп танып,  темір торға тоғытты. Мамандар мұндай ауқымды шараларды келісімсіз өткізу қоғамдық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіретінін ескертеді.