Киелі Созақ өңіріндегі қасиетті мекен — Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесі жаңа келбетке енеді. Бұл істі Тимур Құлыбаевтың “Halyk» қайырымдылық қоры қолға алып, тарихи ескерткішті толығымен жаңғыртуға 200 миллион теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Соның арқасында кесенемен бірге, оның маңайындағы инфрақұрылымдар да жаңармақ.
️