Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров теннисші Заңғар Нұрланұлын қабылдады. 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемнің 9-шы ракеткасы атанған Заңғар қазіргі таңда Еуропада жаттығып жүргенін айтты. Алдағы уақытта халықаралық жарыстарға қатысу жоспарланған. Кездесуде облыс әкімі жас спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді.
️